Мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес және «Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылғы 12 қаңтарда «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» күніне орай оқушылар арасында «Буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғанамыз?» тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдарын түсіндіру, олардың алдын алу жолдарын көрсету, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.
Пікір алмасу барысында оқушылар буллингтің түрлері, кибербуллингтің зияны, әлеуметтік желілердегі қауіптер туралы өз ойларын ортаға салды. «Буллингке ұшыраған жағдайда не істеу керек?», «Қайда және кімге хабарласу қажет?» деген сұрақтар талқыланды. Оқушылар нақты өмірден мысалдар келтіріп, өз пікірлерін еркін білдірді.
Іс-шара соңында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары түсіндіріліп, бір-біріне құрметпен қарау, қиын жағдайларда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығы айтылды. Пікір алмасу оқушылар үшін пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Қатысқандар: 8 «А,Б», 7 «Б» сыныптарының оқушылары
Өткізген: аға тәлімгер Байгонова Роза





