2 “ А” сынып оқушылары «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында шағын акцияға белсенді қатысты. Балалар құстарға қамқорлық жасаудың маңызын түсініп, үлкендердің қолдауларымен ұялар жасады. Әр оқушы ұя жасау барысында табиғатты қорғау, құстарға көмек көрсету туралы білімдерін кеңейтті.
Дайын ұялар мектеп ауласына және ағаштарға ілінді. Оқушылар құстарға ұя жасап қана қоймай, оларға жем беріп, қамқор болуға уәде берді. Бұл іс-шара балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілікке тәрбиеледі.





