2025 жылдың 10 қазан күні Саумалкөл ауылында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы аясында 2012 жылы және одан кейін туған жасөспірімдер арасында мини-футболдан ашық турнир өтті.
Біздің мектептің құрамасы:
Мұратхан Сұлтан (7-сынып), Ермек Алихан (7-сынып),
Анарбек Нұрлыбек (7-сынып), Тумгоев Ибрагим (7-сынып),
Беневский Константин (7-сынып), Погодин Александр (8 класс) I орын алып, кубокпен марапатталды.
Сондай-ақ Бағдат Мадияр «Ең үздік шабуылшы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
Жас спортшыларымызды және команда бапкері М. С. Рамазановты шын жүректен құттықтаймыз! 






