2026 жылғы 19 қаңтарда қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 191 жыл толуына (1835–1865 жж.) орай 9 «А» сынып оқушыларымен танымдық-тағылымдық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасымен таныстыру, тарихи тұлғаға деген құрметті арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында ғалымның өмір жолы, ғылыми еңбектері, қазақ тарихы мен мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы мазмұнды ақпарат беріліп, оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны тарих пәні мұғалімі М.М Құттыбай және тәлімгер Р.И. Байгонова ұйымдастырып өткізді.





