КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

2025 жылдың 06 қараша күні Петропавл қаласында II Аймақаралық жас тарихшылардың «Қазақстан аймақтарының тарихы, мәдениеті және даму перспективалары жас тарихшылардың көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Previous Next

2025 жылдың 06 қараша күні Петропавл қаласында II Аймақаралық жас тарихшылардың «Қазақстан аймақтарының тарихы, мәдениеті және даму перспективалары жас тарихшылардың көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Аталған конференцияда Кирилловка орта мектебінің оқушысы және тарих пәні мұғалімі белсенді қатысып, өз жұмыстарын секциялар бойынша қорғады.
Секция 1 – «Археологиялық зерттеулер» бағыты бойынша
«Қазақстан аймақаралық кеңістігіндегі көне қоныстарды зерттеудің зерттеушілік аспектілері» тақырыбымен 9-сынып оқушысы Жақыпбек Оразбек қатысып, алғаш рет өз ғылыми зерттеу жұмысын қорғады. Жүлделі орынға ие болмаса да, бұл оның ғылыми бағыттағы алғашқы тәжірибесі болды.
Секция 4 – «Тарих пәні мұғалімінің кәсіби-бағдарлы қызметіндегі зерттеушілік аспектілер» бағыты бойынша
Кирилловка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құттыбай Мәдениет Мақатұлы қатысып, зерттеу жұмысын ұсынды.
Записаться на прием