2025 жылдың 21 қараша күні «Дүниежүзілік балалар күніне» орай 7–11 сынып оқушылары арасында «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жұмысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жазба жұмысы сыныптар бойынша төмендегідей бөлінді:
– 7–8 сыныптар – «Заң және тәртіп – бейбітшілік пен әділет жолы»;
– 9–11 сыныптар – «Полиция және балалар – қауіпсіздік жолында бірге».
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін нығайту, заңға бағынудың маңызын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігін қалыптастыру.





