2025 жылдың 23 мамыр күні "Кирилловка орта мектебі" КММ-де оқу жылының аяқталуына арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты түрде саптүзеу өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатынан соң мектеп директоры Бубинеева Айман Ерікқызы, педагогикалық еңбек ардагері Шевчук Ольга Ивановна түлектерімізге сәттілік тілегін жолдады.
1-ші сынып оқушылары түлектермен бірге ән айтып, тақпақ түрінде тілектерін жолдады.
Ата-аналар, әжелер өз жылы лебіздерін білдіріп, сәт-сапар тіледі.
Мерекелік іс-шара түлектердің әсерлі әндерімен, ұстаздарына арнаған жылы сөздерімен және 9 сынып түлектерімен бірге ұйымдастырылған қоштасу вальсімен аяқталды.