2025 жылдың 5 қараша күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Есірткісіз болашақ – өз қолыңда!» ұранымен 3-4 сынып оқушылары арасында футбол жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен тұрақты түрде айналысуға ынталандыру және оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекенов Б.М. және аға тәлімгер Байгонова Р.И. ұйымдастырды.
Іс-шара мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева А.К.-ның жетекшілігімен өткізілді.





