2025 жылдың 7 қараша күні мектепішілік «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам» тақырыбында жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін кеңейту, бағдаршамның маңызын түсіндіру, сондай-ақ жолда қауіпсіздік сақтау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараны дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.М.Бекеновтың жетекшілігімен ұйымдастырды. Оқушылар белсенділік танытып, түрлі тапсырмалар орындап, ойын түрлері арқылы білімдерін бекітті.
ТІЖО: А.К. Мукашева / Аға тәлімгер: Байгонова Р.И.





