2025 жылдың 7 қараша күні мектепте 4–10 сынып оқушылары арасында «Адалдық – асыл қасиет», «Адалдық – адамгершілік бастауы» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және айналасына үлгі болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдық туралы мақал-мәтелдер айтып, бейнероликтер тамашалап, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар түрлі өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы адалдық пен әділдік ұғымдарының мән-маңызы қарастырылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Ұйымдастырған: аға тәлімгер Байгонова Р.И.





