2026 жылғы 03 ақпан күні мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Аналар мектебі» жобасы аясында қыз балаларға арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыс «Қыз баланың қауіпсіздігі – өз қолында» тақырыбында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау, өз құқықтарын білу, қауіпті жағдайлардың алдын алу, өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында қыз балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, қыз баланың жауапкершілігі мен өзін-өзі бағалауы жөнінде пікір алмасу болды.
Іс-шара қыз балалардың аналарының қатысуымен өтті.
Іс-шараны мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мукашева А.К. және аға тәлімгер Байгонова Роза ұйымдастырып, өткізді.





