2026 жылғы 15 сәуір күні мектепте Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны орыс тілі мұғалімі мен мектеп кітапханашысы бірлесіп ұйымдастырды.
Сынып сағаты барысында оқушыларға тарихи тұлғаның өмір жолы, ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі және Алаш Орда үкіметі құрамындағы қызметі туралы қысқаша мәлімет берілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық тарихты насихаттау және саналы ұрпақ тәрбиелеу.





