2026 жылғы 17 сәуір күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға туған өлкенің тарихы мен мәдениетін көркем сөз арқылы таныту, жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шара барысында оқушылар өлкетану бағытындағы әдеби шығармалармен танысып, кітапхана қорындағы жергілікті ақын-жазушылардың еңбектерін талқылады. Сонымен қатар авторграф (автограф) сессиялары ұйымдастырылып, оқушылар өздеріне ұнаған шығармалар бойынша пікір алмасты.
Іс-шараның маңызды бөліктерінің бірі – эссе жазу болды. Оқушылар «Менің туған өлкем», «Туған жердің тарихы» сияқты тақырыптарда өз ойларын жазбаша жеткізіп, шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. Бұл жұмыс олардың ойлау қабілетін дамытып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбындағы бұл іс-шара оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, өлке тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.





