2026 жылғы 2 ақпанда мектепте тақырыптық жалпы мектептік саптүзеу өткізілді.
Саптүзеу барысында мектеп әкімшілігі оқушылар мен педагогтерді балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп формасы мен сөмкелеріне жарық шағылыстыратын элементтер — фликерлерді міндетті түрде тағудың маңыздылығы туралы таныстырды.
Сонымен қатар іс-шара аясында аудандық волейбол жарысына қатысып, жүлделі III орын алған мектеп оқушылары — қыз балалар марапатталды.
Жеңімпаздарға алғыс білдіріліп, грамоталар табысталды. Олардың белсенділігі мен мектеп намысын абыроймен қорғағаны ерекше атап өтілді.
Спортшы қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда табыс тілейміз!





