2026 жылғы 21 сәуір күні Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында «Кітапты емдеу» атты акция ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты – оқушыларды кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, бүлінген кітаптарды қалпына келтіру арқылы кітапқа деген құрмет сезімін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар кітапханашының жетекшілігімен жыртылған, мұқабасы бүлінген, беттері ажыраған кітаптарды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оқушылар кітаптарды желімдеп, мұқабаларын қалпына келтіріп, оларды қайта пайдалануға жарамды күйге келтірді.
Акцияға қатысқан оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өз еңбектері арқылы кітапқа деген жанашырлықтарын көрсетті. Іс-шара тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
«Кітапты емдеу» акциясы өз мақсатына жетіп, кітап қорын сақтауға және оқырман мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.





