2026 жылдың 5 мамыр күні тарих пәні мұғалімі А.Ж. Есмаганбетова 10-сынып оқушыларымен «Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбында музейлік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін таныту, тарихи сананы қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттыру.
Сабақ барысында оқушылар батырлардың өмір жолымен танысып, тарихи деректерге талдау жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.





