2026 жылдың 9 мамыры күні «Кирилловка орта мектебі» КММ педагогтері мен оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігіне тағзым етті.
Шарада Украин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.И.Иванова және Ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.И.Кононенко сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызы мен ардагерлердің жанқиярлық ерлігін атап өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – тарихи жадыны сақтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және соғыс батырларының ерлігіне құрмет қалыптастыру.





