КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

27 сәуір күні мектебімізде дәстүрлі мектепішілік саптүзеу өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Апта бойы мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қол жеткізген жетістіктері үшін марапатталды.

Previous Next

27 сәуір күні мектебімізде дәстүрлі мектепішілік саптүзеу өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Апта бойы мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қол жеткізген жетістіктері үшін марапатталды.

Марапатталғандар:
1. Аудандық білім беру мекемелері қызметкерлері арасында өткен «Ұстаз-2026» спартакиадасында Кирилловка орта мектебінің ұстаздары жүлделі II орын иеленді.
2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аудандық ашық біріншілігінде үстел теннисінен жұптық разряд бойынша 9-сынып оқушылары Жақыпбек Оразбек пен Асқарбекұлы Нұрисламбек жүлделі II орын иеленді.
3. Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңінде 7-8 сынып ұлдары арасында өткен «Теңбіл доп» футзал жарысында мектебіміздің оқушылары Ботабай Айдос, Ермек Әлихан, Анарбек Нұрлыбек, Беневский Константин, Мұратхан Сұлтан, Уркунбаев Нариман жүлделі орынға ие болды.
4. «Ұлттық кітап күніне» орай ұйымдастырылған «Үздік кітапқұмар – 2026 жыл» номинациясы бойынша белсенділік танытып, кітап оқуға деген ерекше қызығушылығы мен тұрақты ізденісі үшін 8-сынып оқушысы Жақыпбек Айдана және 3-сынып оқушысы Темірбекұлы Есенгелді марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Записаться на прием