30 сәуір күні «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ұйымдастырылған «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп педагогтері, 9-11 сынып түлектері, мектеп ардагерлері және Украин ауылдық округі әкімдігі өкілдері бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды.
Аталған игі бастама қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкені көркейтуге және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге бағытталды. Осындай ортақ іске атсалысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.





