«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылы мектепте 5–11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, зиянды әдеттердің алдын алу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға барлығы 5–11 сынып аралығындағы оқушылар белсене қатысып, өздерінің тақырыпқа сай суреттерін ұсынды. Бағалау комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын – 6 «Б» сынып оқушылары Бубенеева Айсулу және Бубенеева Кунсулу
II орын – 9 «А» сынып оқушысы Айтагулов Азат
III орын – 10 «А» сынып оқушысы Мурзазагит Перизат
Байқау жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.
Ұйымдастырушы: аға тәлімгер Байгонова Р.И.





