5 ақпан күні Саумалкөл ауылында 2012–2013 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында аудандық мини-футболдан ашық біріншілік өтті. Аталған жарыста біздің мектептің футболшылары жоғары деңгейде ойын көрсетіп, жүлделі жалпыкомандалық ІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы» номинациясымен 8-сынып оқушысы Ботабай Айдос марапатталды.
Команданы жарысқа дайындағаны үшін БЖСМ жатықтырушысы М.С.Рамазановқа алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – біздің мақтанышымыз!





