КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

6 «А» сынып оқушысы Қажым Кәусәр «Менің отбасымның тарихы соғыс жылдарындағы фотосуреттер мен құжаттарда» деген тақырыпта атасы жайлы естіген естеліктерімен бөлісті.

Previous Next

6 «А» сынып оқушысы Қажым Кәусәр «Менің отбасымның тарихы соғыс жылдарындағы фотосуреттер мен құжаттарда» деген тақырыпта атасы жайлы естіген естеліктерімен бөлісті.Кәусәр атасын көзі тірісінде көрмеседе, әбден ескірген фотосуреттерін отбасылық альбомнан көргенін айтады. Атасы Қажым соғысқа дейінгі соғыстан кейінгі бейбіт өмірді көрген екен. Атасы жайлы көп ақпаратты отбасы мұрағатындағы құжаттардан, ескі фотосуреттерден , туысқандардан, отбасымнан сұрап білдім дейді.

Атасы Қажым 1912 жылы 9- ақпанда, бұрынғы Көкшетау облысы, Володаровка ауданы, Камено- Брод савхозы, Жетістік ауылында дүниеге келіп,тракторис (механизатор) болып жұмыс атқарған. 1941- жылы маусымның 22 күні мобилизация бойынша әскерге шақыртылып 15- тамызда аттанады.
Соғыста жауды өкшелей қуып, біраз қалаларды азат етуге атсалысқаны үшін медальдармен марапатталған. Атасының медальдары өте көп екенін, бұл оның батырлығымен ерлігін көрсететінін айта кетті.
Кәусәрдің атасы 1945- жылы 9- қарашада жеңіспен елге оралып 1946- жылы еңбек ардагері Жангалиева Күләшпен бас қосып,үлкен жанұя иесі болады. Дүниеге 5 ұл, 3 қыз әкелген, ұрпағы ата-ана үмітін ақтаған тәрбиелі ,өнегелі, өмірде өз орындарын тапқан, әр отбасының алтын діңгегі бола білген.
Өкінішке орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл санап азаюда, тіпті жоқ деугеде болады. Атасы 1998- жылы 30- наурызда дүниеден өтті.
Соғыс сұмдықтары тек фотосуреттердің беттерінде қалса екен дейді майдангердің немересі.
Мен атаммен мақтанамын! Сіз біздің жадымыздасыз! Ұрпағының сізді мәңгі ұмытпайды!- деп сұхбатын аяқтады.
Сұхбат беруші: Жангалиев Қажымның немересі
Қажым Кәусәр Бақытбайқызы
Записаться на прием