6 мамыр күні мектеп ұстазы А. Ботабай оқушы ұлдармен бірге ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Естелік эстафетасы: жүректен іске» атты абаттандыруға бағытталған экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Іс-шара барысында ауылымыздағы ескерткіш маңы тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді: ағаш бұтақтары кесіліп, айналасы қоқыстан тазартылды.
Аталған шара өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, тарихи мұраға құрметпен қарауға бағытталды.





