2025 жылдың 26 қараша күні Айыртау ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері – бас маман Әділет Ерланұлы Токтагулов және Руслан Николаевич Гусев – 9–11 сынып оқушылары мен ұстаздарға «Адал азамат» білім беру бағдарламасы аясында семинар өткізді.
Семинар барысында бағдарлама жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, заңға бағынушылық және азаматтық жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруды мақсат ететіні түсіндірілді. Сонымен қатар сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу ұйымдастырылды.





