9 сынып оқушысы Тунгатбаева Аида "Менің отбасымның тарихы соғыс жылдарындағы фотосуреттер мен хаттарда» атты фотокөрме-экспозициясын таныстырды.
Презентация барысында ол өз атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мукажанов Николай Алексеевичтің (1923–2006) өмір жолы, майдандағы ерлігі және соғыс жылдарындағы тағдыры туралы мазмұнды ақпарат берді.
Аида отбасылық мұрағаттағы фотосуреттер мен хаттарды негізге ала отырып, атасының ерлікке толы ғұмырын әсерлі жеткізді. Бұл жұмыс жас ұрпақтың тарихи жадын қалыптастыруға, ата-баба ерлігін құрметтеуге және патриоттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.





