«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп Парламентінің жылдық жоспарына сәйкес аға-тәлімгер Р.И. Байгонованың және Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еріктілер күніне орай «Ер тірегі – Тәуелсіздік!» атты 6-11 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен бірлікті дамыту болды.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, жоғары командалық рух көрсетіп, әділ әрі тартысты ойын өрбіді. Нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
І орын – 7-сынып командасы
ІІ орын – 6-сынып командасы
ІІІ орын – 9-сынып командасы
«Бірлігі күшті ел озады» деген ұран аясында өткен бұл іс-шара оқушылардың бірлігін, ынтымағын және спорттық шеберлігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толықтай жетті.





