2025 жылдың 08 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – отбасы тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызын айқындау, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру болды.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Оқу-тәрбие процесінде отбасының рөлі.
2. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқық бұзушылықтың алдын алу.
3. Бала денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
4. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.
Класс жетекшілер бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға шақырды.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мәні мен мазмұны түсіндірілді.
Іс-шара мазмұнды өтіп, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестіктің нығаюына, тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етуге ықпал етті.





