«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының аяқталуына 81 жыл толуына орай мектепішілік «Жас сарбаздар шеруі» 5–11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Жарыс мектеп директоры А.Е. Бубинеева тарапынан айтылған қолдау сөздерімен басталды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту.
Шеру қорытындысы бойынша:
І орын – 7 «Б» сыныбы;
ІІ орын – 8 «А» сыныбы;
ІІІ орын – 6 «А» сыныбы иеленді.





