2025 жылдың 24 қараша күні мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарының негізінде көрнекті жазушы, ағартушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бубенеева Зербала ұйымдастырып, оқушыларға М.Дулатовтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы және оның ұлт руханиятындағы орны туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Оқушылар жазушының еңбектерінен үзінділер оқып, танымдық сұрақ-жауап жүргізіліп, тұлғаның адалдық, жауапкершілік, ұлтқа қызмет ету сияқты құндылықтары талқыланды.
Шара оқушылардың ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттырып, тұлғалық қасиеттерін дамытуға оң ықпал етті.





