2026 жылғы 9 маусым күні «Болашақ» жазғы лагерінде күн таңғы сергіту жаттығуынан басталды. Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен жаттығу жасап, денсаулықтарын нығайтты. Одан кейін таза ауада серуендеп, түрлі қызықты және көңілді ойындарға белсене қатысты. Табиғат аясында уақыттарын пайдалы өткізіп, сергектік пен жағымды әсер алды. Күннің келесі бөлігінде оқушылар бірлесіп дала жағдайында тамақ дайындауға қатысып, еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және ұйымшылдықтың маңызын сезінді. Бір-біріне қолдау көрсетіп, ұжымдық жұмыстың тиімділігін тәжірибе жүзінде көрді. Күн бойы жарқын эмоциялар мен жақсы көңіл күйге бөленген оқушылар лагерьден ерекше әсер алып, үйлеріне қуанышпен оралды. Жазғы лагерьдегі бұл күн балалардың есінде жағымды естелік ретінде сақталатыны сөзсіз.
Жаңалықтар
#Адал_азамат #Жазғылагерь2026
Қаралды: 83





