КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында тәрбие сағаты

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында тәрбие сағаты

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында «Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!» атты дәйек сөз негізгі бағыт ретінде алынып, оқушыларға әділдік, заңға бағыну, жауапкершілік сияқты азаматтық құндылықтар түсіндірілді.

Тәрбие сағатын тарих пәні мұғалімі М.М. Құттыбай жүргізді. Мұғалім оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызы, заңды мемлекет құрудағы әр азаматтың рөлі туралы мазмұнды ақпарат беріп, сұрақ-жауап және талқылау әдістері арқылы олардың белсенділігін арттырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу және «Адал ұрпақ» клубы аясында парасатты қоғам қалыптастыруға үлес қосу. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіріп, пікір алмасуға қатысып, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы маңызын терең түсінді.
Записаться на прием