Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Қарттарым – асыл қазынам» атты жоспар аясында зейнеткер ұстаздар, мектеп оқушылары және мұғалімдер арасында шашки мен шахматтан достық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту және зейнеткер ұстаздарға сый-құрмет білдіру болды. Шара барысында жылы әңгімелер айтылып, ойын барысында қызықты сәттерге толы көңілді атмосфера орнады.





