Тәрбие жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 қазан күні мектебімізде «Тәуелсіздік кубогы» атты спорттық жарыстар күні аясында мектеп оқушылары арасында балалар эстафетасы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылды.
Мақсаты:
— оқушылардың спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру;
— патриоттық сезім мен бірлік рухын тәрбиелеу;
— эстафеталар арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.





