14 -16 қараша күні Кирилловка орта мектебінде «Балалар құқығы туралы» Конвенциясының қабылданған күніне орай «Бала құқығы – мемлекет назарында» тақырыбында құқықтық білім беру сабақтары мен сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты:
- Оқушыларды Балалар құқығы туралы Конвенцияның мазмұнымен таныстыру;
- Құқықтық сауаттылықты арттыру;
- Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтар барысында:
- оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берді;
- Педагог-психолог және әлеуметтік педагог тарапынан құқықтық кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Құқық қорғау бағытында видеороликтер көрсетілді;
- 5–11 сыныптарда құқықтық жағдаяттарды шешу, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараға барлық сыныптар белсене қатысты. Оқушылар өз құқықтары туралы мағлұмат алып, оларды қорғау жолдары жайлы білді. Іс-шара тәрбиелік әрі құқықтық тұрғыдан маңызды болды.





