КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Бастауыш апталық онкүндігі аясында 2025 жылдың 19 қараша күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында 4 сынып жетекшісі Р.К. Исабекованың ұйымдастыруымен қызықты сыныптан тыс іс-шара өтті.

Previous Next

#Адал_азамат

Бастауыш апталық онкүндігі аясында 2025 жылдың 19 қараша күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында 4 сынып жетекшісі Р.К. Исабекованың ұйымдастыруымен қызықты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Оқушылар үш топқа бөлініп, әртүрлі қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтар мен жұмбақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығын көрсетті. Сонымен бірге әр топ таңдалған ертегілері бойынша көрініс қойып, шығармашылық қабілеттерін жоғары дәрежеде танытты.
Балалар іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытқан оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Осындай шаралар оқушылардың қиялын дамытып, ұйымшылдыққа, батылдыққа және сахна мәдениетіне тәрбиелейді.
Записаться на прием