КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Бастауыш сыныптар онкүндігі жоспары негізінде онкүндіктің жабылу шарасы мерекелік, салтанатты әрі жарқын түрде өтті. Жабылу барысында Исабекова Р.К. «Әнші балапан – 2025» атты концертті ұйымдастырып, шараны жүргізушілер Исабекова Р.К. мен Шайзатова М.К.

Previous Next

Бастауыш сыныптар онкүндігі жоспары негізінде онкүндіктің жабылу шарасы мерекелік, салтанатты әрі жарқын түрде өтті. Жабылу барысында Исабекова Р.К. «Әнші балапан – 2025» атты концертті ұйымдастырып, шараны жүргізушілер Исабекова Р.К. мен Шайзатова М.К. қазылар алқасының құрамын таныстырды: Мусабекова А.К., Лабецкая О.Н., Құттыбай М.М.

Оқушылар өз кезектерін толқыныспен күтті. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, көркем де шығармашылық нөмірлер ұсынды. Ең үздік өнер көрсеткен сыныптар мен оқушылар түрлі номинациялар бойынша қазылар алқасының шешімімен дипломдар және грамоталармен марапатталды.
Онкүндіктің қорытындысы шығарылып, байқаулар мен олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен және ерекше көзге түскен оқушылар да дипломдар мен грамоталарға ие болды.
Записаться на прием