КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Батырлар жарысы» - арқан тартыс, армрестлинг және гір спорты

Previous Next

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында 2025 жылғы 15 қазан күні мектебімізде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және тәрбие жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік кубогы» спорттық эстафеталар күні өтті.

     Іс-шара барысында мектеп оқушылары арасында «Батырлар жарысы» ұйымдастырылып, оған арқан тартыс, армрестлинг және гір спорты сияқты спорт түрлері енгізілді.

Мақсаты: – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау; – жас ұрпақтың рухын көтеру, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу;

– достық пен командалық рухты қалыптастыру.

Іс-шара Қазақстан Республикасы күніне орай өткізілді. БарлықГ қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің күш-қайратын, ұйымшылдығын көрсетті.

Записаться на прием