КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Білім күні "Мектебім-мейірім мекені"

Previous Next

2-қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" атты  салтанатты жиын 2 қыркүйек күні өтті. Мектеп директоры А.Е.Бубинеева сөз алып жаңа оқу жылымен ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды құттықтаудан бастады . Салтанатты жиынға ауылдық округының әкімі Мұқашев Ж.Б, "North Grain" ЖШС басшысы Е.А.Каленов, педагогикалық еңбек ардагері О.И. Шевчук және Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Т.В.Герасимова арнайы шақырылып мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтап, "North Grain" ЖШС демеушілігімен  бірінші сыныбының 9  оқушысына берілген кеңсе тауарлары мен сөмкелерді табыстады. 

     Білім күніне арналған іс-шара аясында оқушыларға сергіту сәті ұйымдастырылды.

Бұл шараға педагогикалық еңбек ардагері, дене шынықтыру пәнінің ұстазы Зосько Сергей Николаевич арнайы шақырылып, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын дәріптеді.

   Мақсаты: күнделікті дене жаттығуларын тұрақты жүргізу арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау; оқу белсенділігін арттыру; салауатты өмір салтын насихаттау мәдениетін дамыту.

✨ Балалардың сергіп, белсенділік танытуы – алдағы оқу жылындағы табысты қадамдардың бастауы!

Записаться на прием