2025 жылдың 30 қыркүйек күні, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы №1 Саумалкөл орта мектебінде Айыртау ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ауданымыздың 9–10 сынып мектеп оқушылары арасында «Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті» атты викторина өткізді. Іс-шара Ботай мәдениетінің негізін қалаушы, археолог-ғалым Виктор Федорович Зайберттің туған күніне орай, оны еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған викторинаға тарих пәні мұғалімі М.М.Құттыбайдың жетекшілігімен біздің мектебіміздің 9 сынып оқушылары Жеңісұлы Дінмұхамед, Асқарбекұлы Нұрисламбек және Жақыпбек Оразбек қатысты. Викторина барысында оқушыларға Ботай қонысының тарихы, қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей артефактілер, жылқыны алғаш қолға үйрету мәселесі, сондай-ақ Виктор Федорович Зайберттің ғылымға қосқан үлесі туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар өз білімдерімен ғана емес, сонымен қатар тарихи мұраға деген қызығушылықтары мен ой-пікірлерімен бөлісті.
Оқушылар Ботай мәдениетінің әлемдік өркениеттегі маңызын айқындайтын тұстарға тоқталып, ғалым еңбегін ерекше құрметпен еске алды. Жастардың белсенділігі мен ізденімпаздығы олардың туған өлке тарихына деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.





