КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Бракераждық комиссияның тамақтану сапасын мерзімдік бағалау мақсатында мектеп асханасын тексеру кестесіне сәйкес тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұйымдастыру мен тамақ сапасын бақылау жұмысына мониторинг жүргізді

Previous Next

2025 жылдың 15 қазан күні «Кирилловка орта мектебі» КММ-де оқу жылындағы бракераждық комиссияның тамақтану сапасын мерзімдік бағалау мақсатында мектеп асханасын тексеру кестесіне сәйкес тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұйымдастыру мен тамақ сапасын бақылау жұмысына мониторинг жүргізілді.

Мониторингтің мақсаты: асханадағы ас мәзірімен танысу, ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеу, тамақ даярлау орындары мен шикізат сақтау қоймаларының жағдайын тексеру, өнімдердің жарамдылық мерзімін анықтау, сонымен қатар асханадағы ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігі мен санитарлық жағдайын бағалау.
Мониторинг барысында сол күнгі ас мәзіріндегі тағамдардың салмағы мен калориясы өлшеніп, ас даярлау орындары мен шикізат сақтау қоймалары тексерілді. Оқушылардың тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткілікті екендігі анықталды. Оқушылардың тамақтануына барлық жағдай жасалған (қол жуатын раковиналар, қол кептіргіштер, сұйық сабындар орнатылған). Тамақтану залы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді.
Записаться на прием