КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

«Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Мектептің тәлімгерлік жоспарына сәйкес 4-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға буллингтің мәнін түсіндіру, оның зиянын ұғындыру және қиын жағдайларда өзін дұрыс қорғай білуге үйрету болды.

Шара барысында оқушыларға буллинг туралы түсінік беріліп, оның түрлері мен алдын алу жолдары талқыланды. Балалар өз ойларын ашық айтып, түрлі мысалдар арқылы пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылардың тақырыпты терең түсінуі үшін «Буллингтен қорған!» тақырыбында сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар өз суреттері арқылы достық, мейірімділік және бір-бірін қорғау идеяларын бейнеледі.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Записаться на прием