КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік еріктілер күніне орай мектеп Парламентінің мүшелері «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды

5 желтоқсан – Дүниежүзілік еріктілер күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп Парламентінің мүшелері «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мектеп Парламентінің мүшелері сыныптардың тазалық жағдайын тексеріп, бағалау жүргізді. Тексеру нәтижесіне сәйкес әр сыныптың ұқыптылығы мен тазалық сақтауы бойынша ескертулер берілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева А. К. және аға тәлімгер Байгонова Р. И. ұйымдастырып, үйлестірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа қамқорлық жасауға үйрету және мектеп ішінде тазалықты сақтау жауапкершілігін арттыру.
Записаться на прием