КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«ДосболLIKE» буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу тақырыбында іс-шара

Previous Next

#Адал_азамат

Мектепішілік жылдық тәрбие жоспарын жүзеге асыру аясында «ДосболLIKE» буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» атты дәйек сөз негізге алынып, 8–10 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзгеге құрметпен қарауды қалыптастыру, мектептегі буллингтің кез келген түрінің алдын алу, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын дамыту болды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, буллингтің себептері мен оның салдары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсетудің, дұрыс коммуникация орнатудың маңызы түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың саналылық деңгейін көтеріп, бір-біріне мейірімділік пен құрмет танытуға бағытталды.
Записаться на прием