2026 жылғы 22 маусым мен 1 шілде аралығында «Кирилловка орта мектебі» КММ педагогтері Тунгатбаева А.С., Мукашева А.К., Исабекова Р.Қ. және Бубинеева З.М. «Көктерек» шипажайында демалып, сауықтыру курсынан өтті. Бұл мүмкіндік Айыртау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен жүзеге асты. Шипажайда педагогтер емдік-сауықтыру шараларынан өтіп, денсаулықтарын нығайтып, күш-қуаттарын қалпына келтіріп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Сонымен қатар Ташкент және Түркістан қалаларына саяхат жасап, тарихи-мәдени орындар мен қасиетті киелі жерлерді аралады. Педагогтер аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Шәріпқызына, сондай-ақ аудандық және мектеп кәсіподақ ұйымдарына көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдіреді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және кәсіподақ қызметіне толайым жетістіктер тілейміз!
Жаңалықтар
«Көктерек» шипажайы
Қаралды: 21





