2026 жылғы 3 ақпанда Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжінің педагогтері — М.Б. Адылова, С.И. Лотоцкий, А.А. Курманбаева — 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру дәрісін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға оқу бағыттары, қабылдау талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандық таңдауға байланысты пайдалы кеңестер алды.





