2026 жылдың 29 сәуір күні мектебімізде 4 сынып жетекшісі Р.К. Исабекованың ұйымдастыруымен «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» атты көңілді эстафеталық жарыс өткізілді. Аталған шараға оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылықтарын айқын көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден өтіп, шапшаңдық, ептілік және төзімділік қасиеттерін сынады. Әрбір отбасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бір-біріне қолдау білдірді.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иегерлері марапатталды. Шара соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйланды.
Аталған іс-шара отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты.





