2025 жылдың 6 Мамыр күні "Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығы" мен "Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай "Патриот" айлығы аясында мектебіміздің 5-10 сынып оқушылары арасында «Біздің Жеңіс туралы әндер» атты тақырыбында сапта жүріп ән айту байқауы өтті.
Оқушылар сапта жүріп, патриоттық, Отан туралы тақырыптарда әндерді орындады. Әділқазылар алқасы оқушылардың сапта тұру, түзу жүру, әннің мазмұны мен орындау мәнерін бағалады. Жеңімпаздар байқау соңында мадақтамамен марапатталды.