КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫНА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ

Previous Next

МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫНА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ

13 сәуір 2026 оқу жылы аясында мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жүйелі түрде қадағаланып келеді. Осы мақсатта мектеп директоры Бубинеева Айман Ериковна бұйрығымен арнайы бракераждық комиссия мүшелерімен, асхананың жұмысына күнделікті тексеру жүргізуде.
Бүгінгі таңда мектеп бойынша 91 оқушы ыстық тамақпен қамтылған:
1–4 сыныптардан – 43 оқушы
5–11 сыныптардан – 44 санаттағы оқушы
Арендатор ЖК Жакин Б.К. есебінен 4 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Бақылау барысында тағамның дайындалу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы, азық-түліктің жарамдылық мерзімі және тағамның дәмі мен температурасы тексеріледі. Сонымен қатар, асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуі мен арнайы киіммен жұмыс істеуі де қадағаланады.
Бүгін, 13 сәуір 2026 жылы, мектеп асханасында күннің ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ беріліп, оқушылар сапалы әрі құнарлы астан дәм татты.
Мектеп оқушыларының денсаулығы мен дұрыс тамақтануы – білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты мектеп асханасындағы ыстық тамақтың сапасына күнделікті және тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.
Записаться на прием