КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Мектеп кітапханасының жоспарына сәйкес Ұлттық кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» тақырыбында ашық есік күні

Previous Next

Мектеп кітапханасының жоспарына сәйкес Ұлттық кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білім алудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған музыкалық бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара аясында оқушылар түрлі әдеби шығармалардан үзінділер оқып, мазмұнын талдап, өз ойларын ортаға салды. Кітап үзінділері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылып, көптілді білім беру бағыты кеңінен насихатталды.
Іс-шара мектеп кітапханашылары мен педагогтердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімдерін көрсете білді.
Аталған іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушыларға рухани азық сыйлады.
 
 
Записаться на прием