"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында және әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бүгін «Мектеп оқушысы және оның құқықтары» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Қазіргі әлемде оқушылардың құқықтары мен міндеттері құқықтық жүйеде маңызды орын алады. Мемлекет өз жас азаматтарына қамқорлық жасап, оларды қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың өз міндеттерін түсінуіне тәрбиелейді. Құқықтармен қатар балалардың белгілі бір міндеттері де бар. Ата-ананы, туған-туысқандарды, ұстаздарды құрметтеу – ең басты міндеттердің бірі болып табылады.





